Алматының білім беру ұйымдарында 2023 жылы 21 мыңнан астам кешенді қауіпсіздік жүйелері орнатылды: қамту-100%

27.12.2023

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша «Қауіпсіздіктің кешенді жүйесі» жобасын іске асыру аясында 186 балабақшаға жабдықтар орнату жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 8 638 бейнебақылау жүйесі орнатылды, оның ішінде 7062 - ішкі, 1576 – сыртқы. Сондай-ақ, барлық балабақшалар Алматы қаласы Полиция департаментінің жедел басқару орталығына (ЖБО) сигнал беру мүмкіндігі бар өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Мемлекеттік меншік нысанындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын бақылау жүйелерімен (домофондармен), бейнебақылау камераларымен, дабыл түймелерімен және өртке қарсы қауіпсіздіктің кешенді жүйелерімен жарақтандыру жұмыстары орындалды. Оған 2023 жылы 610 178 млн теңге бөлінді.

2023 жылдың желтоқсан айының басынан бері мектептерде орталық басқару орталығына қосылған барлық бейнебақылау камералары мен дабыл түймелерін жаңарту жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда 131 мектепте жаңарту жұмыстары аяқталып, 77 мектепте жалғасуда. Сондай-ақ 214 мектепте барлық қауіпсіздік жүйелерін жаңарту жоспарланған. 12 475 бейнебақылау камерасы мен 214 дабыл түймелерін орнату жоспарлануда. Сигналды тікелей Жедел басқару орталығына жіберу мүмкіндігіне ие болатын өрт қауіпсіздігі жүйелері де орнатылады. Сондай-ақ бет-әлпетті тану мүмкіндігі бар 415 турникет орнатылады.

Бұлардан басқа, 15 интернат мекемелері 277 бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Оның ішінде: 184-і ішкі, 93-і сыртқы. Алматы полиция департаментінің Жедел басқару орталығына 95 камера қосылды. 15 интернатта дабыл түймелері орнатылған. 15 мектеп-интернаттың 8-де мамандандырылған күзет қызмет көрсетеді.

Қала колледждері де қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Мәселен, 20 колледжде 1503 бейнебақылау жүйесі орнатылған. Оның ішінде: 1064-і ішкі, 439-ы сыртқы. Бұл ретте Алматы полиция департаментінің Жедел басқару орталығына 126 камера қосылған. Дабыл түймелері мен турникеттер де орнатылды және барлық 20 колледжге арнайы күзет қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ 17 мектептен тыс мекемеде 436 бейнебақылау жүйесі орнатылған. Оның ішінде: 239-ы ішкі, 197-сі сыртқы. Бұл ретте Алматы Полиция департаментінің жедел басқару орталығына 233 камера қосылған. 25 дабыл түймесі орнатылған. 7 мектептен тыс мекемеге турникет орнатылды. Барлық 17 мектептен тыс мекемеге мамандандырылған күзет қызмет көрсетеді.

Жоғарыда аталған барлық мемлекеттік білім беру ұйымдарының жазбаны 30 күн бойы сақтай алатын бейнебақылау және қауіпсіздік жүйелерімен 100% қамтамасыз етілгенін атап өту маңызды.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі